ТӘҢІРБЕРГЕН ӘМІРЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: ЖАРИЯЛАНБАҒАН ҚОЛЖАЗБАЛАРЫ ТУРАСЫНДА

Yazarlar

  • Шынар Кенесбаева Шәкәрім университеті Yazar

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Anahtar Kelimeler:

әдебиеттану ғылымы, ұлттық әдебиет, қолжазба, ақын, лирикалық қаһарман, халық поэзиясы, эпика.

Öz

Мақалада көптеген жыр жинақтарының, поэмалар мен публицистикалық мақала-очерктердің авторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі болған Тәңірберген Әміреновтің әдеби мұрасын толықтыратын ақынның ешқайда жарияланбаған қолжазба түріндегі өлеңдері қарастырылады. Сонымен қатар ақынның шығармашылық ғұмырбаянының беймәлім тұстары, балалық шақ пен есейген кездегі қиындықтар, ауылдық-қалалық жердегі атқарған қызметтері, кейіннен Ресей жеріне қоныс аудару себептері жан-жақты зерттеледі.

Зерттеуде Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, айтыскер ақын, сазгер, шежіреші Т.Әміреновтің ой-өрісі мен дүниетанымы, ақындық позициясы мен диапазоны, суреткерлік қарымы туындыларынан, шығармашылық өмір жолынан айқын көрінетіндігі сипатталады.

Қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен жаңашыл ақын етектен тартқан кейбір жайсыз жайттарды, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды батыл сынады. Осы сыншыл поэзиясы үшін түрлі саяси кінә-айыптаулар тағылып «үкіметке қарсы шықты» деген үкіммен 25 жылға сотталғандығы архив деректерімен көрсетіледі. Т.Әміреновтің жарық көрген өлең жинақтарында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында алғы сөздің жазылмауы сөзімізге дәлел бола алады.

Бірнеше жыл айдауда азап шеккен ақын өмірінің көлеңкелі тұстарын бейнелейтін туған жерге, бала-шағаға, туған-туысқа деген сағынышқа толы сазды лирикалық поэзиясы мен шындық пен бостандықты, әділдікті аңсаған азаматтық сарындағы құнды туындылары осы мақалада терең қамтылып, сарапталады.

Тәңірберген Әміренов шығармашылығына қатысты тың деректер, баспа бетінде жарияланбаған белгісіз туындылары ҚР ҰҒА кітапханасындағы қолжазбалар қорынан және көптеген мұрағат дереккөздерінен алынғаны дәлелденеді.

Мақаланың негізгі мақсаты – Т. Әміреновтің шығармашылық өмірі мен жарияланбаған туындыларындағы ақындық қолтаңбасын, поэзиядағы лирикалық даралық сипатын анықтап, тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін ашып көрсету.

17 1

Yazar Biyografisi

  • Шынар Кенесбаева , Шәкәрім университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: shynar.k.s@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0563-8148.

Yayınlanmış

2026-09-30

Nasıl Atıf Yapılır

Кенесбаева , Ш. (2026). ТӘҢІРБЕРГЕН ӘМІРЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: ЖАРИЯЛАНБАҒАН ҚОЛЖАЗБАЛАРЫ ТУРАСЫНДА. ŞAKARIM ÜNIVERSITESI BÜLTENI. FILOLOJI SERISI, 1(3(7), 166-175. https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%p

Benzer Makaleler

1-10 : 93

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.