ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ: ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ СИМВОЛИЗМ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-3(3)-13Anahtar Kelimeler:
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, ұлттық рух, құндылық, қазақ поэзиясы, рухани дағдарыс, символизм, жаһандануÖz
Мақалада қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Тыныштықбек Әбдікәкімұлы шығармашылығы негізінде ұлттық рух ұғымы мен оның бүгінгі қоғамдағы көрінісі жан-жақты талданады. Ақын поэзиясы – терең философиялық мәнге ие, ұлттық сана мен тарихи жадыны сақтауға бағытталған көркемдік феномен ретінде қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде алынған өлеңде ақын ұлттың рухани болмысына төнген қауіпті, тарихи тамырдан ажырауды, құндылықтық жүйенің әлсіреуін, дәстүр мен ділдің көмескіленуін бейнелі тілмен жеткізеді. Ақын сөз арқылы ұлттың рухани әлеміндегі дағдарысты, адам мен қоғам, өркениет пен табиғат арасындағы ішкі қайшылық сияқты мәселелерді қозғайды. Мақалада ақынның поэтикалық кеңістікте сөзді символдық мағынада қолдану тәсілдері мен символдарға жүктелген семантикалық жүктемелер талданады. Әсіресе, ұлттық кодты жаңғыртуда, дәстүрлі дүниетанымды жеткізуде қолданылған образдар жүйесі мен мифопоэтикалық құрылымдар сараланып, олардың көркемдік қызметі айқындалады. Зерттеу барысында ақын шығармашылығының бүгінгі қоғамдағы рухани құндылықтарға ықпалы, оның оқырман санасында ұлттық сана мен ішкі тазалықты қалыптастырудағы рөлі, жастардың дүниетанымына әсері зерделенеді. Зерттеу нәтижесінде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы поэзиясының тек эстетикалық құндылық қана емес, сонымен бірге ұлттық мұраны сақтау мен жаңғыртудың рухани тетігі ретінде де ерекше мәнге ие екендігі дәлелденеді. Ақын шығармаларындағы ұлттық рух – өткен мен бүгіннің арасындағы үзілмес алтын көпір, ал оның поэтикалық үні – қазіргі қоғамдағы рухани ізденістер мен құндылықтық бағдардың көрсеткіші ретінде бағаланады.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2025 Дильназ Турсынова- Айман Тоқсамбаева (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.