ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ МАЗМҰННЫҢ СИНЕРГИЯЛЫҚ БОЛМЫСЫ

Авторлар

  • Алмагүл Хабиева Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Автор
  • Жамал Манкеева Институт языкознания имени Ахмета Байтурсынулы Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-1(5)-8

Кілт сөздер:

мәдени код, мәдени коннотация, этномәдени бірліктер, дүниетаным, тіл мен мәдениет бірлігі, синергия.

Аңдатпа

Мақалада ғаламның тілдік бейнесіндегі лингвомәдени мазмұнның синергиялық болмысы қарастырылып, тіл мен мәдениеттің өзара сабақтастығы антропоөзектік және когнитивтік парадигма аясында талданады. Зерттеудің мақсаты – тілдік бірліктер арқылы көрініс табатын мәдени ақпараттың синергиялық ұйымдасуын айқындау, лингвокультуремалардың ұлттық дүниетанымды қалыптастырудағы танымдық және коммуникативтік қызметін көрсету. Мақаланың өзектілігі қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңғыруы жағдайында тілдің мәдени-танымдық қызметін, оның рухани-әлеуметтік дамудағы маңызын айқындаумен байланысты. Сонымен қатар тіл мен мәдениеттің тұтастығын антропоөзектік парадигма негізінде қарастыру қажеттілігі де зерттеудің өзектілігін арттырады. Зерттеу барысында сипаттамалы (дескриптивті), лингвомәдени, когнитивтік, синергетикалық, семантикалық, этимологиялық, контекстуалдық және салыстырмалы-ассоциативтік талдау әдістері кешенді түрде қолданылды. Бұл әдістер тілдік бірліктердің мағыналық құрылымын, олардың тарихи-мәдени негізін және көркем мәтіндегі қызметін жүйелі түрде ашуға мүмкіндік берді. Зерттеудің теориялық маңызы тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығын синергетикалық жүйе ретінде қарастыруға, лингвомәдени бірліктердің концептуалдық табиғатын және ғаламның тілдік бейнесін қалыптастырудағы рөлін тереңдетуге негізделеді. Жұмыс когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану және синергетикалық тіл білімі бағыттарының теориялық ұстанымдарын дамытуға үлес қосады. Зерттеудің практикалық маңызы көркем мәтіндерді, фольклорлық және тарихи-мәдени материалдарды лингвомәдени тұрғыдан талдауда, сондай-ақ тіл оқыту, ұлттық мәдениетті таныту және гуманитарлық білім беру салаларында қолдануға болатындығымен сипатталады.

84 11

Автор өмірбаяндары

  • Алмагүл Хабиева, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

    филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан  Республикасы, Алматы, е-mail: a.a.khabiyeva@bk.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-8622-021X.

  • Жамал Манкеева, Институт языкознания имени Ахмета Байтурсынулы

    филология ғылымдарының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы, Алматы, e-mail: mankeeva1950@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7390-4778.    

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 93

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.