ҚОҚАШ (ҚАРАСАЙ) ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫНЫҢ (1840-1923) «ДҮНИЕ ҮШІН ҒИБРАТНАМА» ТОЛҒАУЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-МАЗМҰНЫ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-2(6)-11Кілт сөздер:
коммуникативтік ситуация, автор бейнесі, идеялық мазмұн, дидактика, діни терминдер, діни дүниетаным, ғұмырнамалық дидактика.Аңдатпа
Жаһандану жағдайында ұлттық рухани мұраны зерделеу, оның ішінде дәстүрлі әдебиеттегі адамгершілік-имандылық құндылықтарды ғылыми тұрғыдан қайта бағалау ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген ақын Қоқаш (Қарасай) Есенгелдіұлының шығармашылық мұрасын зерттеу қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелерінің бірі.
Мақаланың мақсаты – ақынның «Дүние үшін ғибратнама» толғауының идеялық-мазмұндық желісін, дүниетанымдық негіздерін, көркемдік жүйесін және тәрбиелік-дидактикалық мәнін кешенді түрде талдау арқылы оның қазақ әдебиеті тарихындағы орнын анықтау.
Зерттеу барысында тарихи-функционалдық, герменевтикалық және компаративтік (салыстырмалы-тарихи) талдау әдістері қолданылды. Шығарманың мазмұны қазақтың дәстүрлі дүниетанымы, исламдық құндылықтар, сопылық ілім және ұлттық моральдық-этикалық ұстанымдар тұрғысынан сараланды. Нәтижесінде толғаудың идеялық негізінде исламдық таным мен дәстүрлі ақындық поэзияның өзара сабақтастығы жатқандығы анықталды. Сонымен қатар шығармадағы адамгершілік, имандылық, өткінші дүние, өмірдің мәні мен рухани кемелдену мәселелері жүйелі түрде талданып, олардың қазіргі қоғам үшін де тәрбиелік және ағартушылық маңызы дәлелденді. Зерттеу нәтижелері Қоқаш Есенгелдіұлының әдеби мұрасын ғылыми айналымға кеңірек енгізуге, қазақ әдебиетіндегі діни-дидактикалық бағыттың ерекшеліктерін тереңірек тануға және ұлттық әдеби мұраны кешенді зерттеуге жүйеленді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Талғат Қабышев, Адилбек Амренов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.