ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІН СӨЗДІК МАҚАЛАДА СИПАТТАУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-3(7)-1Кілт сөздер:
сөздік, лексикография, мәтін, контекст, семантика, реестр, идеографияАңдатпа
Мақалада баспаға дайындалып жатқан «Шәкәрім сөздігін» құрастыруға негіз болатын ғылыми-лексикографиялық ұстанымдар жүйелі түрде қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде ақын шығармаларындағы лексикалық бірліктердің құрамы, мағыналық сипаты, көркем мәтіндегі қызметі және оларды сөздік мақала түрінде беру жолдары алынады. Еңбекте сөздіктің мазмұндық ұйымдасуы, материалды іріктеу мен жүйелеу тәртібі, тілдік деректерді ұсыну тәсілдері және сөз мағынасын түсіндіру принциптері жан-жақты талданады.
Зерттеудің мақсаты – сөздік мақала құрылымын сипаттап, Шәкәрім қолданысындағы сөздердің мағыналық ерекшеліктерін көркем контекст негізінде айқындау. Осы мақсатта Шәкәрім шығармаларынан алынған тілдік деректерді іріктеу, мағыналық топтарға бөлу, құрылымдық сипаттау, контекстік талдау және салыстырмалы-сипаттамалық әдістер қолданылады.
Мақалада сөздік мақаланың жасалу тәртібі, оның негізгі құрылымдық бөліктері, мағыналарды саралау өлшемдері, мысалдарды беру тәсілдері және авторлық қолданысты көрсету ерекшеліктері анықталады. Поэтикалық сөздердің негізгі лексикографиялық және семантикалық белгілері ескеріліп, Шәкәрім тілін сипаттайтын авторлық сөздіктің ғылыми үлгісін қалыптастыру көзделеді. Жүргізіліп отырған зерттеудің ғылыми құндылығы Шәкәрім шығармаларының тілдік табиғатын тереңірек тануға, ақынның өзіндік сөз қолданысын жүйелі түрде сипаттауға және қазақ әдеби тілінің тарихи даму үдерісін лексикографиялық тұрғыдан зерделеуге мүмкіндік беруімен айқындалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.