МАҒЖАН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР: ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25pКілт сөздер:
Мағжан Жұмабаев, ақын тілі, тарихи лексика, фонетикалық вариант, көнерген сөз, түркі тілдері, морфологиялық формаАңдатпа
Мақалада Мағжан Жұмабаев шығармалары тілінің қазіргі қазақ әдеби тілінен ерекшеленетін фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері тарихи-лингвистикалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ақын қолданысындағы өзгеше тұлғаларды жүйелеп, олардың қайсысы көне түркілік қабатпен, ХХ ғасыр басындағы жазба тіл нормасымен, ауызекі және аймақтық қолданыстармен, сондай-ақ өлеңнің ырғақ-буын құрылымымен сабақтас екенін анықтау. Материал ретінде М. Жұмабаев шығармаларының 2013 жылғы бірінші томы, көне және қазіргі түркі тілдеріне қатысты сөздіктер мен тарихи-лингвистикалық еңбектер пайдаланылды. Зерттеуде сипаттамалы, салыстырмалы-тарихи, контекстік және компоненттік талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде ертеңді-кеш, бұ, тұмақ, ұжмақ, үзім, шүйінші, тәңірі, нажағай, есіт-, ұсау тәрізді тұлғалардың бірқатары тарихи нұсқалармен сабақтас екені көрсетілді; адас, күлік, құртқа, там, ділдә, тамұқ, кешу, саяқ, жай тасы, орда, ноян, көбе сияқты лексемалардың көнерген немесе тарихи семантикасы айқындалды. -ын/-ін, -тұғын, -улі, дағы тәрізді формалар мен кейбір қос сөздердің құрылымы да тарихи және поэтикалық қызметі тұрғысынан сипатталды. Зерттеу ақын тіліндегі өзгешеліктерді кездейсоқ ауытқу емес, әдеби тіл тарихының қабаттарын сақтаған поэтикалық жүйе ретінде бағалауға мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.