ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ТЕРМИНДЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ЖІКТЕЛІМІ

Авторлар

  • Аида Аубакирова Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Кілт сөздер:

жаңа термин, неологизм, терминжасам, типологиялық жіктелім, салалық терминология, будан термин, тілдік норма.

Аңдатпа

Мақалада тәуелсіздік кезеңінде қазақ тілінде қалыптасқан жаңа терминдерді типологиялық және салалық тұрғыдан жүйелеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – қазақ неологиясы мен терминтануында ұсынылған жіктеу үлгілерін өзара салыстырып, жаңа терминдерді сипаттауға мүмкіндік беретін кешенді модель ұсыну және салалық терминдердің нақты қолданыстағы таралуын сандық деректер арқылы көрсету. Материал ретінде тәуелсіздік жылдарындағы баспасөзден жиналған 4120 жаңа атау мен қолданыс қамтылған сөздік деректері пайдаланылды; соның ішінен 1336 бірлік салалық термин ретінде іріктелді. Зерттеуде сипаттамалы, салыстырмалы, құрылымдық-семантикалық, контент-талдау және сандық талдау әдістері қолданылды. С.М. Исаев, Р. Сыздық, Ш. Құрманбайұлы, Т.В. Попова, Ж.О. Сағындықова еңбектеріндегі жіктеу өлшемдерін салыстыру нәтижесінде жаңа терминдерді үш өзара сабақтас деңгейде қарастыру орынды екені анықталды: пайда болу көзі мен генетикалық құрамы; құрылымдық-сөзжасамдық үлгісі; семантикалық-функционалдық және салалық мәртебесі. Корпустық талдау салалық терминдердің барлық жаңа атаулардың 32,4%-ын құрайтынын көрсетті. Сандық тұрғыдан педагогика, медицина, философия мен саясаттану, экология, машинажасау, стандарттау және ақпараттық-техникалық салаларда жаңа терминдер көбірек шоғырланған. Нәтижелер жаңа терминдерді тек сөзжасам тәсілімен шектеу жеткіліксіз екенін, олардың құрылымдық типі, салалық қызметі және нормалану дәрежесі бірлікте қарастырылуы керектігін дәлелдейді.

24 1

Автор өмірбаяны

  • Аида Аубакирова, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

    PhD, «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, Петропавл; e-mail: aidaaybakirova@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8816-8294.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 78

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.