ДИСКУРС ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Салиха Мубаракова Alikhan Bokeikhan University Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Кілт сөздер:

гендерлік коммуникация, дискурс, теория, аспект, феминизм, ғылым, прагмалингвистика, когнитивтік лингвистика, социолингвистика.

Аңдатпа

Зерттеу жұмысы дискурс және гендерлік коммуникацияның теориялық аспектілерін айқындауға арналған. Дискурс ұғымы тіл арқылы жүзеге асатын нақты коммуникациялық процесс. Адамдардың тілдік қарым-қатынас құралы.

Зерттеудің мақсаты – тіл мен қоғамның өзара байланысы арқылы жүзеге асатын гендерлік қатынастардың дискурсивтік деңгейде қалыптасу ерекшелігі.

Қазіргі таңда гендерлік коммуникация басты назарда. Бұл бағыт тіл арқылы жүзеге асқандықтан лингвистика, психология, социология, мәдениеттану ғылымдарымен тығыз байланысты. Мысалы, Робин Лакоффтың (Robin Lakoff, Language and Woman’s Place, 1975) еңбегінде әйелдердің сөйлеу тілі әдепті, жұмсақ, бейтарап болатының көрсетсе, ал ерлердің тілі нақты, нұсқаушы сипатта келетінін дәлелденген. Психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, гендерлік коммуникация адамның ойлау тәсілін, эмоциялық көңіл-күйін білдіру мен қабылдауына қатысты ерекшелінеді. Психолог Дебора Фрэнсис Таннен (Deborah Tannen, You Just Don’t Understand, 1990) ерлердің сөйлесуін «status talk» (мәртебе көрсету), ал әйелдердің сөйлесуін «rapport talk» (эмоциялық байланыс орнату) деп сипаттайды. Гендер (ағылш. gender) – әйелдер мен қыздардың, ерлер мен ұлдардың рөлін айқындайтын мәдени, саяси және әлеуметтік тәжірибелер мен нормалар арқылы, сондай-ақ ерліктің және әйелдіктің әлеуметтік анықтамасы арқылы қоғам құрған әлеуметтік құрылым. Қазіргі таңда «дискурс және гендерлік коммуникацияның теориялық аспектілері» – лингвистика, мәдениеттану және коммуникация ғылымында өте өзекті бағыт болып отыр. Осы ғылым салалары жаһандану дәуірінде тіл мен қоғамды байланыстырып тұр. Ахмет Байтұрсынұлының, Құдайберген Жұбановтың, Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріндегі гендерлік коммуникацияның салыстырмалы байланысы талданады. Теориялық тұрғыдан бұл бағыт социолингвистика, прагмалингвистика, когнитивтік лингвистика және феминистік тіл білімімен ұштасады. Сондай-ақ гендерлік коммуникацияның теориялық аспектілері тек мінез-құлықпен, сөйлеу мәнері мен шектеліп ғана қоймай дін тұрғысынанда қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде дискурс пен гендерлік коммуникацияны біріктіре қарастыру тіл мен қоғамның өзара байланысын, гендерлік теңдік мәселесін және тілдік мәдениеттің әлеуметтік сипатын түсіндіреді.

9 2

Автор өмірбаяны

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 67

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.