АРАБ ЖӘНЕ ПАРСЫ СӨЗДЕРІНІҢ ТАРИХИ СӨЗДІКТЕРДЕ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Айнұр Сейтбекова Institute of Linguistics named after A. Baitursynovа Автор

Кілт сөздер:

тарихи лексикография, кірме сөздер, араб-парсы элементтері, этимология, деэтимологиялану, тарихи сөздік, жазба ескерткіштер, семантикалық динамика, фонетикалық принцип, морфологиялық талдау

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тілінің лексикалық құрамындағы араб және парсы тілі элементтерінің тарихи лексикографиядағы орны мен қызметі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында тарихи, этимологиялық және диалектологиялық сөздіктерді саралай отырып, кірме сөздердің фонетикалық, морфологиялық және семантикалық сипатын талданады. Әсіресе Л.З. Будаговтың «Түркі-татар тілдерінің салыстырмалы сөздігі» мен Р. Сыздықованың еңбектері негізінде көне жазба ескерткіштердегі кірме сөздердің қолданылу ерекшеліктері ашып көрсетілді. Мақалада араб-парсы элементтерінің тарихи қолданыстағы мағыналары, олардың қазақ тіліне ену жолдары, уақыт өте келе деэтимологиялану құбылысына ұшырауы нақты мысалдармен дәлелденеді. «Жамиғ-ат тауарих», «Түркі шежіресі», батырлар жырлары сияқты жазба мұралардағы кірме сөздердің семантикалық динамикасы талданып, олардың қазіргі қазақ тіліндегі мағынасы айқындалады. Сондай-ақ графикалық нұсқалардың әртүрлілігі мен ортағасырлық жазба дәстүрдегі орфографиялық тұрақсыздық мәселелері де назарға алынды. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің тарихи сөздігін түзуге, кірме элементтердің түпкі табиғатын тануға және олардың лексикографиядағы орнын анықтауға теориялық негіз бола алады.

Автор өмірбаяны

  • Айнұр Сейтбекова, Institute of Linguistics named after A. Baitursynovа

    Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, е-mail: ainurseit@mail.ru, Оrcid: 0009-0004-9137-8638.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 34

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.