ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «EMES», «EMEY» ЖӘНЕ «EMEN» СӨЗДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
Қазақ тілі, er- > e- етістігі, есімше, көмекші етістік, энклитика, модальдық, emes, emey, emen.Аңдатпа
Түркі мәтіндерінде кездесетін көмекші етістіктің ең көне түрі – er- етістігі. Er-/ir- тұлғасы Көне түркі, Ұйғыр және Қараханид кезеңдеріне тән қалып деп айтуға болады. Көне түркідегі er- есімше етістігі қазіргі түркі тілдерінде r дауыссыз дыбысының түсіп қалуы нәтижесінде er- > e-, ir- > i- тұлғаларында қолданылған. Қазіргі қазақ тілінде er- > e- формасы қолданылады. E-/i- көмекші етістігінің болымсыз түрі әртүрлі түркі тілдерінде değil, tügil, tügül, emes сияқты сөздер арқылы жасалады. Қазақ тілінде негізінен emes сөзі қолданылады, ал tügil сирек қолданылады. Сонымен бірге e- түбірінен туындаған басқа формалар да қолданылады. Бұл мақалада қазақ тілінде болымсыздық мағынасын беретін emes сөзінен бөлек, мағынасы мен қызметінде шағын айырмашылықтары бар emey және emen сөздері қарастырылады. Бұл сөздердің мәтіндерде қолданылу қызметтері кейде бірдей болса, кейде аздаған өзгерістерге ұшырайды. Қазақ тілінде қолданылатын осы үш сөздің жұмсалу ерекшеліктері, қолданылу орны, сөйлемге немесе тілдік бірліктерге үстейтін мағынасы және бір түбірден шыққан-шықпағаны зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Бұл мақалада қазақ тіліндегі emey («емес, әрине»), emen («емеспін, ешқашан») және emes («емес, -мадық») сөздерінің қызметтері талданып, олардың бір түбірден таралғандығы және омофон болып-болмайтындығы анықталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.