ҚАЗАҚСТАН ТҮРКІТАНУЫНДАҒЫ ӘДЕБИ-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ АРНАЛАРЫ (ОРТАҒАСЫРЛАРДАН КЕҢЕСТІК ДӘУІРГЕ ДЕЙІН)
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-2(6)-10Anahtar Kelimeler:
әдебиеттанымдық түркітану; әдебиет тарихы; түркі жазба мұрасы; фольклорлық-эпикалық дәстүр; тарихи поэтика; салыстырмалы әдебиеттану; ғылыми мектеп.Öz
Әдебиеттанымдық түркология ұлттық әдебиеттің тарихи бастауын ортақ тілдік негіз, мифопоэтикалық жад, эпикалық дәстүр, жазба мұра және өркениеттік сабақтастық тоғысындағы көпқабатты рухани-мәдени жүйе ретінде пайымдауға мүмкіндік береді. Мақалада Қазақстандағы әдеби-фольклорлық бағыттағы түркітанудың ортағасырлық рухани-интеллектуалдық бастаулардан кеңестік дәуірдегі академиялық зерттеу жүйесіне дейінгі қалыптасу арналары қарастырылды. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ әдебиеттануындағы түркілік бағыттың тарихи негіздерін, ғылыми сабақтастығын, зерттеу нысандарын және әдіснамалық маңызын жүйелі түрде айқындау. Мақалада зерттеу нысаны ретінде ортағасырлық түркі жазба мұралары, ХІХ ғасырдағы фольклорлық-этнографиялық деректер, ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдеби-теориялық ой және 1960-1980 жылдардағы диссертациялық зерттеулер алынды. Мақалада тарихи-әдеби, салыстырмалы-типологиялық, тарихи-поэтикалық, герменевтикалық және жүйелеу әдістері қолданылды. Шолу түрінде жасалған талдау нәтижелері қазақ әдебиеті тарихының хронологиялық шекарасын кеңейту мақсатында кешенді түрде жүргізілген іргелі зерттеулердің басым бөлігі Б.Кенжебаев мектебімен академиялық сабақтастықта екендігін айқындайды. Зерттеу нәтижесінде әдебиеттанымдық түркүтанудың көне түркілік, ортағасырлық, эпикалық, сопылық-дидактикалық және фольклорлық қабаттарды ұлттық әдеби процесс аясында тануға ықпал еткені анықталды. Мақаланың ғылыми маңызы қазақ әдебиетін жалпы түркілік мәдени-өркениеттік кеңістікпен сабақтастықта пайымдауымен айқындалады. Практикалық құндылығы зерттеу нәтижелерін қазақ әдебиеті тарихы, түркітану, фольклортану және салыстырмалы әдебиеттану пәндерінде қолдануға болатындығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар мақалада әдеби-фольклорлық түркітанудың Қазақстандағы ғылыми мектептермен байланысы, диссертациялық зерттеулер арқылы дербес ғылыми сала ретінде орнығу процесі және көне мұраны қазіргі әдебиеттану парадигмалары тұрғысынан қайта пайымдау қажеттігі де назарға алынады.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2026 Альмира Калиева (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.