АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ ЖӘНЕ ЕҢЛІК-КЕБЕК СЮЖЕТІНІҢ КӨРКЕМДІК ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Yazarlar

  • Акмарал Смагулова Шәкәрім университеті Yazar
  • Бауыржан Ердембеков Yazar
  • Орхан Сөйлемез Yazar

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Anahtar Kelimeler:

Абай, Еңлік-Кебек, Шәкәрім, Мағауия, поэма, әдеби дәстүр, ақындық мектеп

Öz

Мақалада қазақ әдебиетіндегі Еңлік пен Кебек тақырыбының қалыптасуы мен көркемдік даму тарихы Абай және оның ақындық мектебі аясында қарастырылады. Зерттеудің негізгі нысаны – Еңлік-Кебек оқиғасына байланысты ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жазылған прозалық және поэзиялық шығармалардың өзара сабақтастығы, олардың сюжеттік, идеялық және көркемдік ерекшеліктері. Атап айтқанда, 1892 жылы «Дала уалаятының газетінде» «Ұмтылған» («Мұтылған») бүркеншік атымен жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» әңгімесі, 1900 жылы жарық көрген «Қазақ турасынан хикая», Мағауия Абайұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза яки кез болған іс» және «Қалқаман-Мамыр» дастандары, М.Әуезовтің осы тақырыпқа арналған драмалық шығармасы салыстырмалы тұрғыдан талданады. Зерттеу барысында шығармалардың мәтіндік нұсқалары, тілдік және стильдік ерекшеліктері, авторлық позициялары мен кейіпкерлерді сомдау тәсілдері сараланады.

Зерттеу нәтижесінде Еңлік-Кебек оқиғасының бір ғана тарихи сюжет шеңберінде қалмай, Абай айналасындағы шығармашылық ортада әртүрлі жанрлық және көркемдік интерпретацияларға ие болғаны анықталады. 1892 жылғы әңгіменің авторлығы жөніндегі пікірлер салыстырылып, оның Халиолладан бастау алып, Абай тарапынан көркемдік өңдеуден өтуі мүмкін деген тұжырым негізделеді. Мағауия мен Шәкәрім шығармаларындағы оқиға, кейіпкерлер және билер бейнесінің берілу ерекшеліктері салыстырылып, екі ақынның авторлық ұстанымдарының айырмашылығы айқындалады. Мағауия Еңлік пен Кебектің трагедиясын махаббат пен адамгершілік тұрғысынан бейнелесе, Шәкәрім оқиғаның әлеуметтік, тарихи және дәстүрлік себептерін кеңінен ашып көрсетеді. Сонымен бірге М.Әуезов шығармашылығында осы сюжеттің жаңа жанрлық деңгейде жалғасқаны көрсетіледі. Зерттеу Еңлік-Кебек тақырыбының Абай мектебіндегі шығармашылық сабақтастық пен көркемдік ізденістерді танудағы маңызды ғылыми нысан екенін дәлелдейді.

21 0

Yazar Biyografileri

  • Акмарал Смагулова, Шәкәрім университеті

    Смагулова Акмарал Тулеугазиновна – филология ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университеті, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: akma.2000.2006@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7509-7025.

  • Бауыржан Ердембеков

    Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Шәкәрім университеті, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: erdembekov@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0503-4640

  • Орхан Сөйлемез

    Орхан Сөйлемез, профессор, PhD, Кастамону университеті, Түркия, e-mail: osoylemez@kastamonu.edu.tr,  ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8382-3173

Yayınlanmış

2026-09-30

Nasıl Atıf Yapılır

Смагулова, А., Ердембеков, Б., & Сөйлемез, О. (2026). АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ МЕКТЕБІ ЖӘНЕ ЕҢЛІК-КЕБЕК СЮЖЕТІНІҢ КӨРКЕМДІК ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ. ŞAKARIM ÜNIVERSITESI BÜLTENI. FILOLOJI SERISI, 1(3(7), 119-134. https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%p

Benzer Makaleler

1-10 : 99

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri