АБАЙДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

Yazarlar

  • Мейрамгүл Жорокпаева Астана медицина университеті Yazar
  • Нургуль Танбаева Павлодар қаласының Жетекші орта жалпы білім беру мектебі Yazar
  • Дидар Жарикова Астана медицина университеті Yazar

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Anahtar Kelimeler:

педагогикалық-психологиялық көзқарастар, танымдық процесс, ақыл, сана, ар, ұят, қара сөздер, ғылым, білім.

Öz

Мақалада Абай шығармаларындағы педагогикалық-психологиялық көзқарастарды қарастырған ғалымдардың құнды пікірлері келтірілген. Абай – рухани ұстаз, қазақ халқының психологы екені шығармаларды талдау барысында да көрсетілген. Ақын психология саласын жеке дара қарастырмаса да, оның шығармаларының көбі дерлік осы ғылымның түрлі мәселелерін  жан-жақты талдап, құнды пікірлер, нақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Абайдың қара сөздері мен өлең жырларында адамның жаны мен тәнінің қызметін, яғни адамзат баласының психологиялық тұрғыдан даму сатысы болып табылатын тәрбие мен білімнің алар орны, жас өспірім психологиясы мен әлеуметтік орта психологиясының әртүрлі қырлары да  көрініс тапқан.

Ақынның педагогикалық-психологиялық мәселелерді айқындайтын «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Көзімнің қарасы» және т.б. шығармалары мақаланың негізі болып алынды. Абай қара сөздері халықты жақсы өмірге ұмтылуға, өз құқығын білуге, басқа елдерден үлгі алуға тәрбиелейтін туындылар. Қазақ әдебиетінің тарихында алғаш болып ата-анаға жас ұрпақты тәрбиелеуде талаптанып білім іздеудің көзі еңбек екенін моральдық тұрғыдан тереңдікпен түсіндірірген  өлеңдері және қара сөздерінен де мысалдар келтірілді.

Ақынның қара сөз, өлеңдерін қазіргі таңдағы педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттермен салыстырылды. Білім алуға, ғылымды игеруге, адамгершілік  және т.б. игі қасиеттерді дамытуға, жоғары ұстанымды дағдыға айналдыратын еңбектері қарастырылды. Абай Құнанбаевтың адамгершілік тәрбиесі мәселесіне қатысты философиялық - педагогикалық көзқарастарының маңыздылығы көрсетілді. Әрбір адамның өмірінде моральдық ұстанымдары мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың іргелі әмбебап мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Мақалада Абайдың шығармаларының педагогика, психологиялық қырларын қарастырушы Ш. Әлжанов,  Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, О. Саңғылбаев және тағы басқа ғылыми еңбектерінде арнайы қарастырған демесе де, біршама құнды пікірлер білдіреді. Ақынның өлеңдер жинағы, қара сөздері, ғалымдар еңбектері, психологиялық энциклопедия, сілтемелердегі тарихы бойынша басылымдар құнды ақпарат көзі болып отыр.

37 2

Yazar Biyografileri

  • Мейрамгүл Жорокпаева, Астана медицина университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, Астана, е-mail: miramgul.zhorakpaeva@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9101-654X.

  • Нургуль Танбаева, Павлодар қаласының Жетекші орта жалпы білім беру мектебі

    педагог-зерттеуші, «Павлодар қаласының Жетекші орта жалпы білім беру мектебі» КММ, Қазақстан Республикасы, Павлодар, е-mail: tanbayevan@mail.ru, ORCID:  https://orcid.org/0000-0003-1144-1955.

  • Дидар Жарикова, Астана медицина университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, Астана, е-mail: Zharikova.d@amu.kz, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-3856-4648.

Yayınlanmış

2026-09-30

Sayı

Bölüm

Methods of teaching language and literature

Nasıl Atıf Yapılır

Жорокпаева, М., Танбаева, Н. ., & Жарикова, Д. (2026). АБАЙДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ. ŞAKARIM ÜNIVERSITESI BÜLTENI. FILOLOJI SERISI, 1(3(7), 210-219. https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%p

Benzer Makaleler

1-10 : 104

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.