РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

  • Нургуль Тлебалдина Alikhan Bokeikhan University Автор

Кілт сөздер:

рефлекция, өзін-өзі бағалау, кері байланыс, оқу мотивациясы, дағды, саралау, күтілетін нәтиже, тұлғалық қасиет, оқу әрекеті, рефлексиялық әдістер.

Аңдатпа

Мақалада рефлексиялық әдістерді қолдану арқылы мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруда жүргізілетін әдіс-тәсілдер қарастырылды. Өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар, рефлекциялық әдістер оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, өз әрекеттеріне сыни тұрғыдан қарау қабілеттеріне бағытталатындығы сабақ үлгілерін талдау барысында жүзеге асырылып отырылды. Мақаланы жазу барысында Ж.Аймауытовтың тұлғаның өзін-өзі тануы мен саналы әрекеттеріне негізделген идеялары қарастырылды.

Отандық ғалымдарымыз: К.Қожахметова, С.Құнанбаева, Б.Бегелова т.б ғылыми еңбектері және американдық ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.

Рефлекциялық әдістердің түрлерін қолдану барысында оқушылардың дағдыларын дамыту үшін жүргізілетін жұмыстар мысалдармен дәйектелді. Рефлекциялық әдістерді білім беру тәжірибесінде кеңінен қолдану – бүгінгі жаңартылған білім беру жүйесінде болашақ ұрпақтарымыздың өзін-өзі бағалай алуларында маңызды, заманауи талаптарға сай тиімді бағыттардың бірі болып табылары сөзсіз. Зерттеу барысында рефлексиялық тапсырмаларды жүйелі қолданудың тиімділігі айқындалып, оқушылардың жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпалы талданды. Сабақ кезеңдеріне сәйкес қолданылған нақты әдістер сипатталып, олардың нәтижелілігі сарапталды.

«Чек-лист» әдісін ұлыбритандық ғалымдар: Paul Black, Dylan Wiliamнің білім беру тәжірибесіне енгізуінде оқушылардың өзін-өзі бағалауларында сыни тұрғыдан ойлау көзқарастарын қалыптастырудағы алатын орны мысалдармен нақтыланды.

0 0

Автор өмірбаяны

  • Нургуль Тлебалдина, Alikhan Bokeikhan University

     педагогика ғылымдарының кандидаты, «Alikhan Bokeikhan University» ББМ филология кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: Nurgul6161@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9041-3105.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 47

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.