РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Anahtar Kelimeler:
рефлекция, өзін-өзі бағалау, кері байланыс, оқу мотивациясы, дағды, саралау, күтілетін нәтиже, тұлғалық қасиет, оқу әрекеті, рефлексиялық әдістер.Öz
Мақалада рефлексиялық әдістерді қолдану арқылы мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруда жүргізілетін әдіс-тәсілдер қарастырылды. Өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар, рефлекциялық әдістер оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, өз әрекеттеріне сыни тұрғыдан қарау қабілеттеріне бағытталатындығы сабақ үлгілерін талдау барысында жүзеге асырылып отырылды. Мақаланы жазу барысында Ж.Аймауытовтың тұлғаның өзін-өзі тануы мен саналы әрекеттеріне негізделген идеялары қарастырылды.
Отандық ғалымдарымыз: К.Қожахметова, С.Құнанбаева, Б.Бегелова т.б ғылыми еңбектері және американдық ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.
Рефлекциялық әдістердің түрлерін қолдану барысында оқушылардың дағдыларын дамыту үшін жүргізілетін жұмыстар мысалдармен дәйектелді. Рефлекциялық әдістерді білім беру тәжірибесінде кеңінен қолдану – бүгінгі жаңартылған білім беру жүйесінде болашақ ұрпақтарымыздың өзін-өзі бағалай алуларында маңызды, заманауи талаптарға сай тиімді бағыттардың бірі болып табылары сөзсіз. Зерттеу барысында рефлексиялық тапсырмаларды жүйелі қолданудың тиімділігі айқындалып, оқушылардың жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпалы талданды. Сабақ кезеңдеріне сәйкес қолданылған нақты әдістер сипатталып, олардың нәтижелілігі сарапталды.
«Чек-лист» әдісін ұлыбритандық ғалымдар: Paul Black, Dylan Wiliamнің білім беру тәжірибесіне енгізуінде оқушылардың өзін-өзі бағалауларында сыни тұрғыдан ойлау көзқарастарын қалыптастырудағы алатын орны мысалдармен нақтыланды.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2026 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Авторское право предполагает добросовестность и ответственность каждого соавтора, внесшего значимый вклад в написание статьи.
Автор имеет право хранить свои публикации в институциональном или других хранилищах по своему выбору при указании соответствующей ссылки на сайт журнала.