«ЕСІМ-ЗЫЛИҚА» ДАСТАНЫ: ҚОЛЖАЗБА НҰСҚАЛАРЫ МЕН МӘТІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Насихат Мурсалимова М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Автор
  • Жанат Салтақова М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Автор

Кілт сөздер:

қолжазба, фольклор, Есім-Зылиқа, дастан, нұсқалар, зерттеу.

Аңдатпа

Зерттеудің негізгі материалы ретінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық ғылыми кітапхана қорларында сақталған «Есім-Зылиқа» дастанының бес қолжазба нұсқасы алынды.

Мақалада қазақ фольклортану ғылымында ғашықтық дастандарды жүйелі зерттеудің ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасқаны көрсетіліп, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Әзібаева және басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектері талданады. Зерттеушілердің тұжырымдарына сүйене отырып, ғашықтық дастандардың фольклор мен жазба әдебиет арасындағы өтпелі сипаты және авторлық өңдеу мен халықтық дәстүрдің өзара байланысы көрсетіледі. Әсіресе Б.Әзібаеваның жіктемесіне сүйене отырып, ғашықтық дастандардың шығыстық сюжетке негізделген, аймақтық фольклорлық және нақты тарихи оқиғаларға құрылған әлеуметтік-сүйіспеншілік жырлары болып үш топқа бөлінуі олардың көркемдік табиғатын саралауда маңызды ғылыми бағдар ретінде қарастырылады.

«Есім-Зылиқа»дастанының мазмұны шығыс классикалық хикаяларымен типологиялық ұқсастықта болғанымен, қазақ дүниетанымы, ұлттық салт-дәстүр мен тарихи-әлеуметтік шындықты бойына сіңірген төл туынды ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижесінде Н.Ахметбеков жинап тапсырған 1923 жылғы нұсқаның ел аузынан жазылып алынған түпнұсқалық мәтін екені дәлелденіп, кейінгі өңделген нұсқаларда ақындық көркемдік толықтырулар енгізілгені көрсетіледі. Сондай-ақ, дастанның ғашықтық дастан жанрындағы орны, тарихи негізі айқындалып, қолжазба мұраларды ғылыми айналымға енгізудің маңыздылығы тұжырымдалады.

0 0

Автор өмірбаяндары

  • Насихат Мурсалимова, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

    М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы, Алматы, e-mail: m­_nаsіhаt@mаіl.ru, Orcid: https://orcid.org/0000-0003-4875-9684

  • Жанат Салтақова, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

    PhD, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы, Алматы, e-mail:  aibolanel_27@mail.ru, Orcid: https://orcid.org/0000-0002-3161-2179.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 62

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.