«ЕСІМ-ЗЫЛИҚА» ДАСТАНЫ: ҚОЛЖАЗБА НҰСҚАЛАРЫ МЕН МӘТІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-1(5)-12Anahtar Kelimeler:
қолжазба, фольклор, Есім-Зылиқа, дастан, нұсқалар, зерттеу.Öz
Зерттеудің негізгі материалы ретінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық ғылыми кітапхана қорларында сақталған «Есім-Зылиқа» дастанының бес қолжазба нұсқасы алынды.
Мақалада қазақ фольклортану ғылымында ғашықтық дастандарды жүйелі зерттеудің ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасқаны көрсетіліп, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Әзібаева және басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектері талданады. Зерттеушілердің тұжырымдарына сүйене отырып, ғашықтық дастандардың фольклор мен жазба әдебиет арасындағы өтпелі сипаты және авторлық өңдеу мен халықтық дәстүрдің өзара байланысы көрсетіледі. Әсіресе Б.Әзібаеваның жіктемесіне сүйене отырып, ғашықтық дастандардың шығыстық сюжетке негізделген, аймақтық фольклорлық және нақты тарихи оқиғаларға құрылған әлеуметтік-сүйіспеншілік жырлары болып үш топқа бөлінуі олардың көркемдік табиғатын саралауда маңызды ғылыми бағдар ретінде қарастырылады.
«Есім-Зылиқа»дастанының мазмұны шығыс классикалық хикаяларымен типологиялық ұқсастықта болғанымен, қазақ дүниетанымы, ұлттық салт-дәстүр мен тарихи-әлеуметтік шындықты бойына сіңірген төл туынды ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижесінде Н.Ахметбеков жинап тапсырған 1923 жылғы нұсқаның ел аузынан жазылып алынған түпнұсқалық мәтін екені дәлелденіп, кейінгі өңделген нұсқаларда ақындық көркемдік толықтырулар енгізілгені көрсетіледі. Сондай-ақ, дастанның ғашықтық дастан жанрындағы орны, тарихи негізі айқындалып, қолжазба мұраларды ғылыми айналымға енгізудің маңыздылығы тұжырымдалады.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2026 Насихат Мурсалимова- Жанат Салтақова (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.