ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНЖАСАМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-1(1)-3Кілт сөздер:
қазақ тілі, ұлттық терминология, Алаш зиялылары, үндестік заңы, терминжасам, терминқор.Аңдатпа
Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Әрбір пайда болған жаңа ұғымдарды ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін іске қосылатын амал-тəсілдер мен термин жасауда пайдаланылатын ішкі көздерді айқындап, олардың əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы айрықша. Сонымен қатар, кез-келген тіл басқа тілден сөз, термин алмасып отырады. Тіл атаулыда басқа тілден сөз, термин алмаған тілді кездестіру өте қиын.
Бұл мақалада қазақ тіліндегі терминжасамның ерекшеліктері қарастырылды. Терминтанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы кезең-кезеңімен талданды. Ұлттық терминдер қорын жасауда бағыттар мен ұстанатын қағидаттар жан-жақты көрсетілді. Сонымен қатар, Алаш зиялыларының қазақтың ғылыми тілін қалыптастырудағы атқарған еңбектері баяндалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Лязат Мейрамбекова, Әлия Мүтәлі, Айгүл Кадыскызы (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.