ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ЖАҚСЫ ЕНЕНІ ЖАМАН КЕЛІН ЖЕР ҚЫЛАДЫ, ЖАҚСЫ КЕЛІН ЖАМАН ЕНЕНІ ЕЛ ҚЫЛАДЫ» ПАРЕМИЯСЫНЫҢ ПРАГМА-КОГНИТИВТІ ӘЛЕУЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25pКілт сөздер:
паремия, прагма-когнитивті әлеует, мақал-мәтел, лингвомәдениет, тілдік сана, отбасылық қатынас, ұлттық құндылықАңдатпа
Мақалада қазақ тіліндегі «Жақсы енені жаман келін жер қылады, жақсы келін жаман енені ел қылады» паремиясының құрылымдық-семантикалық, прагматикалық және когнитивтік ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – паремияның тілдік құрылымында жинақталған отбасылық қатынас, әлеуметтік бедел, жақсы/жаман бағалауыштары мен ұрпақаралық өзара әрекет туралы түсініктерді айқындау және оның қазіргі қазақтілді аудиториядағы қабылдану сипатын анықтау. Материал ретінде зерттеліп отырған паремия, оған мағыналық жағынан жақын мақал-мәтелдер, сөздік және көркем мәтін деректері, сондай-ақ 60 респонденттен алынған сауалнама жауаптары пайдаланылды. Құрылымдық-семантикалық, когнитивтік, прагматикалық, контекстік және салыстырмалы талдау, еркін жауаптарға мазмұндық жіктеу тәсілдері қолданылды. Нәтижелер мақалдың екі бөлікті қарама-қарсы құрылымы «жақсы/жаман», «жер қылу/ел қылу» оппозициялары арқылы отбасы беделін тұлғааралық әрекетпен байланыстыратынын көрсетті. Сауалнамада дәстүрлі тәрбиелік түсіндіру мен қазіргі әлеуметтік-гендерлік сын қатар байқалады: респонденттердің 38,3%-ы мақалдың мағынасын түсініп, оны қолданатынын, 56,7%-ы түсінгенімен қолданбайтынын көрсетті. Зерттеудің ғылыми мәні бір паремияның мағынасы мен қазіргі қабылдануын біртұтас прагма-когнитивтік модельде сипаттаудан көрінеді. Нәтижелерді паремиология, лингвомәдениеттану, тілдік сана және қазақ тілін оқыту бағыттарында пайдалануға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.