ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ЖАҚСЫ ЕНЕНІ ЖАМАН КЕЛІН ЖЕР ҚЫЛАДЫ, ЖАҚСЫ КЕЛІН ЖАМАН ЕНЕНІ ЕЛ ҚЫЛАДЫ» ПАРЕМИЯСЫНЫҢ ПРАГМА-КОГНИТИВТІ ӘЛЕУЕТІ

Yazarlar

  • Қуанышбек Кенжалин Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Yazar
  • Айгерім Габитова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Yazar

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25p

Anahtar Kelimeler:

паремия, прагма-когнитивті әлеует, мақал-мәтел, лингвомәдениет, тілдік сана, отбасылық қатынас, ұлттық құндылық

Öz

Мақалада қазақ тіліндегі «Жақсы енені жаман келін жер қылады, жақсы келін жаман енені ел қылады» паремиясының құрылымдық-семантикалық, прагматикалық және когнитивтік ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – паремияның тілдік құрылымында жинақталған отбасылық қатынас, әлеуметтік бедел, жақсы/жаман бағалауыштары мен ұрпақаралық өзара әрекет туралы түсініктерді айқындау және оның қазіргі қазақтілді аудиториядағы қабылдану сипатын анықтау. Материал ретінде зерттеліп отырған паремия, оған мағыналық жағынан жақын мақал-мәтелдер, сөздік және көркем мәтін деректері, сондай-ақ 60 респонденттен алынған сауалнама жауаптары пайдаланылды. Құрылымдық-семантикалық, когнитивтік, прагматикалық, контекстік және салыстырмалы талдау, еркін жауаптарға мазмұндық жіктеу тәсілдері қолданылды. Нәтижелер мақалдың екі бөлікті қарама-қарсы құрылымы «жақсы/жаман», «жер қылу/ел қылу» оппозициялары арқылы отбасы беделін тұлғааралық әрекетпен байланыстыратынын көрсетті. Сауалнамада дәстүрлі тәрбиелік түсіндіру мен қазіргі әлеуметтік-гендерлік сын қатар байқалады: респонденттердің 38,3%-ы мақалдың мағынасын түсініп, оны қолданатынын, 56,7%-ы түсінгенімен қолданбайтынын көрсетті. Зерттеудің ғылыми мәні бір паремияның мағынасы мен қазіргі қабылдануын біртұтас прагма-когнитивтік модельде сипаттаудан көрінеді. Нәтижелерді паремиология, лингвомәдениеттану, тілдік сана және қазақ тілін оқыту бағыттарында пайдалануға болады.

32 1

Yazar Biyografileri

  • Қуанышбек Кенжалин, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD, Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Республикасы, e-mail: k.kenzhalin@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0440-7556.

  • Айгерім Габитова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты, Астана, Қазақстан Республикасы, e-mail: aigerimgabitova@mail.ruORCID: https://orcid.org/0009-0000-1039-5585.

Yayınlanmış

2026-09-30

Nasıl Atıf Yapılır

Кенжалин, Қ., & Габитова, А. (2026). ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ЖАҚСЫ ЕНЕНІ ЖАМАН КЕЛІН ЖЕР ҚЫЛАДЫ, ЖАҚСЫ КЕЛІН ЖАМАН ЕНЕНІ ЕЛ ҚЫЛАДЫ» ПАРЕМИЯСЫНЫҢ ПРАГМА-КОГНИТИВТІ ӘЛЕУЕТІ. ŞAKARIM ÜNIVERSITESI BÜLTENI. FILOLOJI SERISI, 1(3(7), 66-74. https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%p

Benzer Makaleler

1-10 : 106

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.