Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағысөйлемдік қолданыстар
Кілт сөздер:
Шәкәрім тілі, «Әділ - Мария» романының тілі, сөйлемдік қолданыстар, «қайғылы роман», сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріАңдатпа
Мақала Абай дәстүрін жалғастырушы, өзіндік жазу стилімен, философиялық толғамдарымен ерекшеленетін қаламгер Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы сөйлемдік қолданыстарды талдауға арналған. Қазақ лингвистикасында Шәкәрім шығармаларының тілі зерттелген ғылыми еңбектер саусақпен санарлық және дені ақынның өлеңдерін зерделеуге арналған. Ал «қайғылы роман» деп аталған «Әділ - Мария» атты прозалық туындысының тілдік ерекшеліктері, соның ішінде оның сөйлемдік қолданыстары зерттеу нысанына айналмаған. Зерттеу мақсаты – романдағы сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлері бойынша топтау, кейіпкер тілі мен автор стилін айқындаудағы ерекшеліктерін саралау. Талдау барысында негізге қазақ тіл біліміндегі негізгі ғылыми теориялық еңбектер басшылыққа алынып, хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем түрлері бойынша тілдік бірліктер қарастырылды. ХХ ғасыр басындағы қазақ тұрмысын шынайы бейнелеген шығарма тілінің, авторлық сөйлемдік қолданыстарды зерделеуде сипаттамалы, түсіндіру, лексика-семантикалық әдістер т.б. қолданылды. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында оқытылатын «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілінің синтаксисі», «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» пәндерін оқыту барысында және таңдау пәні ретінде оқытылатын «Шәкәрімтану», «Қазақ әдеби тілінің тарихы» сабақтарында қолдануға болады. Мақала филологтарға, қазақ тілінің зерттелуіне, Шәкәрім шығармашылығына қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналған.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.