Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағысөйлемдік қолданыстар

Yazarlar

  • Гульнур Саганаева "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ Yazar

Anahtar Kelimeler:

Шәкәрім тілі- «Әділ - Мария» романының тілі- сөйлемдік қолданыстар- «қайғылы роман»- сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

Öz

Мақала Абай дәстүрін жалғастырушы, өзіндік жазу стилімен, философиялық толғамдарымен ерекшеленетін қаламгер Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағы сөйлемдік қолданыстарды талдауға арналған. Қазақ лингвистикасында Шәкәрім шығармаларының тілі зерттелген ғылыми еңбектер саусақпен санарлық және дені ақынның өлеңдерін зерделеуге арналған. Ал «қайғылы роман» деп аталған «Әділ - Мария»  атты прозалық туындысының тілдік ерекшеліктері, соның ішінде оның сөйлемдік қолданыстары зерттеу нысанына айналмаған. Зерттеу мақсаты – романдағы сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлері бойынша топтау, кейіпкер тілі мен автор стилін айқындаудағы ерекшеліктерін саралау. Талдау барысында негізге қазақ тіл біліміндегі негізгі ғылыми теориялық еңбектер басшылыққа алынып, хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем түрлері бойынша тілдік бірліктер қарастырылды. ХХ ғасыр басындағы қазақ тұрмысын шынайы бейнелеген шығарма тілінің, авторлық сөйлемдік қолданыстарды зерделеуде сипаттамалы, түсіндіру, лексика-семантикалық әдістер т.б. қолданылды. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында оқытылатын «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілінің синтаксисі», «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» пәндерін оқыту барысында және таңдау пәні ретінде оқытылатын «Шәкәрімтану», «Қазақ әдеби тілінің тарихы» сабақтарында қолдануға болады. Мақала филологтарға, қазақ тілінің зерттелуіне, Шәкәрім шығармашылығына қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналған.    

576 112

Yazar Biyografisi

  • Гульнур Саганаева, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ

    Саганаева Гүлнұр Бейсембайқызы -  филология ғылымдарының кандидаты.  Шәкәрім университеті Филология жоғары мектебі қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі. 

Yayınlanmış

2025-03-12

Nasıl Atıf Yapılır

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әділ - Мария» романындағысөйлемдік қолданыстар. (2025). Вестник Университета Шакарима. Серия филология., 1(1). https://philological.vestnik.shakarim.kz/index.php/my/article/view/31

Benzer Makaleler

1-10 : 73

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.