М.МАҒАУИННІҢ ХИКАЯТТАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ БЕН ТАНЫМ

Авторлар

  • Айман Токсамбаева "Шәкәрім университеті" КеАҚ Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-1(1)-8

Кілт сөздер:

ұлттық мінез, хикаят, кейіпкер, «табаны тиеді», «аң ұстамаса мойны қатып кетеді», «сорпа жалатып», ұлттық рух, көркем мінез.

Аңдатпа

Мақалада Мағауиннің хикаятындағы негізгі кейіпкерлердің бойындағы ұлттық мінезердер мен танымдар сипатталады. Шығармалардың негізгі тірегі қазақ халқының даналық өмірінің түрін сипаттап, сол елдің адамдарымен  үндестіре білген жазушы шеберлігі бейнеленеді. Ұлттық мінез бен ұлттық таым қандай мәселелерде көрініс тапқандығы туралы берілгендігін мақала түйіндейді. Жалпы, әдебиеттану ғылымында көркем шығарманың тарихи негізі деген ұғым бар екендігін,ол тарихта не болғанын сол күйінде алу деген ұғым емес, ұлт жадындағы жақсы қасиеттерді жаңғырту деген сөз екендігін мысалдар арқылы дәлелденеді. Кеңес үкіметі кезіндегі типтік бейнеге айналып кеткен, қазақ ауылдарындағы басшыларға жарасатын әрекетті жазушының  көркемдік деталь деңгейіне көтере білгендігі туралы айтылады. Соцреализмдегі мынау жағымды бейне, мынау жағымсыз бейне деген әңгіме төңірегінде сөз қозғамайтындығын айта келіп, көркем бейнені оқиғаның даму үрдісінде ашады. Бұл мақалада М.Мағауиннің хикаяттарындағы ұлттық мінез бен танымның өзара байланысын зерттеп, жазушының ұлттық болмыс пен мәдениетті қалай бейнелегені талданады. Сонымен қатар, шығармалардағы кейіпкерлердің ойлау жүйесі, әрекеттері мен қабылдаған шешімдері арқылы қазақ халқының рухани әлемінің сипаттамалары мен ерекшеліктері туралы сөз қозғалады.

Жазушы алаш арыстарының лебін, үзілмеген жібін кейіпкерлер бейнесінде беретіндігін, азған тұқым, ұлттық мінезден, ұлттық танымнан ада бола бастағандығы айтылады. Мақала зерттеушілерге, әдебиеттанушыларға арналады.

559 73

Автор өмірбаяны

  • Айман Токсамбаева, "Шәкәрім университеті" КеАҚ

    филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы, Қазақстан Республикасы, Семей, е-mail: aiman-63@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002- 8744-2615

     

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-28

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 56

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.