МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА    ЕЛТАНЫМДЫҚ АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Gulba Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор

Кілт сөздер:

мәдениетаралық қатысым, құзыреттілік, лингвоелтану, тіл әлемі, елтаным, рухани мұра, төл мәдениет, толеранттылық, тұлға.

Аңдатпа

Мақалада студенттердің мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыруда елтанымдық ақпаратты қолданудың маңыздылығы, мәдениетаралық қатысым мәселелерінің өзектілігі айтылған. Мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыру мәселесiне байланысты  ғалымдардың  айтқан  пiкiрлерi келтiрiлген. Автор елтанымдық мәліметтерді тілді оқыту процесінде қолдану арқылы білім алушылардың тілдік қана емес, сонымен қатар мәдени танымдық көкжиегін кеңейтуге болатынын дәлелдейді.

Тілді меңгерту жағдайында мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін ұстанымдар негізінде тіл мен мәдениеттің арақатынасы, ұлт тілінің халықтың танымымен және мәдениетімен байланысы  анықталған. Кез келген тілді үйретуде оның білімділік, қатысымдық қызметімен қатар тіл арқылы адамзат баласы жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды меңгерудің және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін меңгерту қажеттілігі көрсетілген. Мақалада тілді меңгеру барысында білім алушылардың мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамыту жолдары, ұлттық-мәдени контексте білім берудің тиімді әдістері сипатталады. Сонымен қатар, мәдени құндылықтарды салыстыра отырып, елтанымдық мазмұнды материалдарды пайдаланудың тіл үйретудегі орны мен тиімділігі нақты мысалдармен негізделеді. Зерттеу нәтижесі ретінде елтанымдық ақпараттарды қолдану білім алушылардың шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін арттырумен қатар, басқа ұлттардың дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейтіні анықталды.

Автор өмірбаяны

  • Gulba, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    Уристенбекова Гулбану Қауасовна,  педагогика ғылымдарының кандидаты, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің аға оқытушысы. Е-mail: gulba@mail.ru

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 18

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.