Түркі жазба дәстүріндегі қыпшақ тілінің орфографиялық принциптері

Авторлар

  • Гульфар Мамырбек А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Автор

Кілт сөздер:

қыпшақ тілі, жазба ескерткіш, орфографиялық принцип, фонетикалық принцип, инвариант принципі, цитаталық принцип, ескі қазақ жазба тілі

Аңдатпа

Бұл мақалада қыпшақ тілді жазба ескерткіштердің орфографиялық жүйесі тарихи-лингвистикалық тұрғыдан кешенді түрде қарастырылды. Түркітану ғылымында көне және орта ғасырдағы жазба мұралардың тілі тек тарихи дерек көзі ғана емес, сонымен қатар халықтық тілдің құрылымдық сипатын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды материал болып табылады. Зерттеу барысында қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштердің жазу дәстүрін айқындаған үш негізгі принцип айқындалды: фонетикалық, инвариант және цитаталық (түпнұсқа) принциптер. Фонетикалық принцип ауызекі сөйлеу тіліндегі дыбыстық ерекшеліктерді дәлме-дәл жеткізуді көздейтіндігі анықталды. Мақалада қыпшақ жазба мұраларынан ерін үндестігі, дыбыстардың ұяңдануы, қысаң дауыстылардың түсіп қалуы сияқты құбылыстарға нақты мысалдар келтірілді. Инвариант принцип морфологиялық тұлғалардың тұрақты нұсқасын сақтап жазу үрдісін көрсететіні айқындалды. Бұл қосымшалардың әртүрлі варианттарының орнына жалғыз инвариант түрін қолдану арқылы жүзеге асқаны дәлелденді. Ал цитаталық принцип араб-парсы тілдерінен енген сөздерді түпнұсқалық графикалық қалпында беру арқылы көрініс тапты. Зерттеу дереккөзі ретінде «Кодекс Куманикус», Әбу Хайанның «Китаб ал-Идрак», Құтыптың «Хұсрау-Шырын» сияқты қыпшақ мұралары қарастырылды. Бұл ескерткіштер қазақтың ескі жазба тіліне елеулі ықпал етіп, халықтық тілдің белгілерін сақтап жеткізгені анықталды. Мақаланың ғылыми жаңалығы қыпшақ тілінің орфографиялық жүйесін халықтық тілмен сабақтастыра талдаумен ерекшеленеді. Қыпшақ тілді ескерткіштердің жазу дәстүрі қазақ тілінің тарихи дамуындағы кезеңдік ерекшеліктерді, дыбыстық жүйенің сипатын және тілдің ұлттық сипат алу барысындағы өзгерістерін айқындауға айрықша үлес қосады.

Автор өмірбаяны

  • Гульфар Мамырбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

    Мамырбек Гүлфар Мәжитқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан Республикасы, е-mail: gulfar76@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-7399-2122

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 35

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.