Түркі жазба дәстүріндегі қыпшақ тілінің орфографиялық принциптері
Anahtar Kelimeler:
қыпшақ тілі, жазба ескерткіш, орфографиялық принцип, фонетикалық принцип, инвариант принципі, цитаталық принцип, ескі қазақ жазба тіліÖz
Бұл мақалада қыпшақ тілді жазба ескерткіштердің орфографиялық жүйесі тарихи-лингвистикалық тұрғыдан кешенді түрде қарастырылды. Түркітану ғылымында көне және орта ғасырдағы жазба мұралардың тілі тек тарихи дерек көзі ғана емес, сонымен қатар халықтық тілдің құрылымдық сипатын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды материал болып табылады. Зерттеу барысында қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштердің жазу дәстүрін айқындаған үш негізгі принцип айқындалды: фонетикалық, инвариант және цитаталық (түпнұсқа) принциптер. Фонетикалық принцип ауызекі сөйлеу тіліндегі дыбыстық ерекшеліктерді дәлме-дәл жеткізуді көздейтіндігі анықталды. Мақалада қыпшақ жазба мұраларынан ерін үндестігі, дыбыстардың ұяңдануы, қысаң дауыстылардың түсіп қалуы сияқты құбылыстарға нақты мысалдар келтірілді. Инвариант принцип морфологиялық тұлғалардың тұрақты нұсқасын сақтап жазу үрдісін көрсететіні айқындалды. Бұл қосымшалардың әртүрлі варианттарының орнына жалғыз инвариант түрін қолдану арқылы жүзеге асқаны дәлелденді. Ал цитаталық принцип араб-парсы тілдерінен енген сөздерді түпнұсқалық графикалық қалпында беру арқылы көрініс тапты. Зерттеу дереккөзі ретінде «Кодекс Куманикус», Әбу Хайанның «Китаб ал-Идрак», Құтыптың «Хұсрау-Шырын» сияқты қыпшақ мұралары қарастырылды. Бұл ескерткіштер қазақтың ескі жазба тіліне елеулі ықпал етіп, халықтық тілдің белгілерін сақтап жеткізгені анықталды. Мақаланың ғылыми жаңалығы қыпшақ тілінің орфографиялық жүйесін халықтық тілмен сабақтастыра талдаумен ерекшеленеді. Қыпшақ тілді ескерткіштердің жазу дәстүрі қазақ тілінің тарихи дамуындағы кезеңдік ерекшеліктерді, дыбыстық жүйенің сипатын және тілдің ұлттық сипат алу барысындағы өзгерістерін айқындауға айрықша үлес қосады.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2025 Журналдың редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды және «Шәкәрім университетінің хабаршысы. «Тарих ғылымдары сериясы» журналына қолжазбаның алғашқы жариялану құқығығын береді. Автор журналға тиісті сілтеме жасаған жағдайда материалды кез келген тасымалдағышта және кез келген форматта көшіруге және таратуға құқылы. Оқырмандар мен пайдаланушылар жұмыстың авторы көрсетілген және осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіріп, тарата және қолдана алады. Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді. Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Авторское право предполагает добросовестность и ответственность каждого соавтора, внесшего значимый вклад в написание статьи.
Автор имеет право хранить свои публикации в институциональном или других хранилищах по своему выбору при указании соответствующей ссылки на сайт журнала.