ШАҒАТАЙ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ: «MECMŪʿA-İ RESĀʾİL-İ ʿACĪBE» ҚОЛЖАЗБАСЫ НЕГІЗІНДЕ

Yazarlar

  • Gulvira Darmenova Pamukkale University Yazar

Anahtar Kelimeler:

Шағатай тілі- Нұр-наме- қолжазба- әңгімелер- дұғалар

Öz

Мақалада түркі әдебиетінің рухани негіздерін талдау барысында исламдық дүниетанымның, оның ішінде Құран, хадис және сопылық ілімдердің ықпалы жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің негізгі концептуалды өзегін «Нұр-ул-Мұхаммед» және «Хақиқат-и Мұхаммедийе» ұғымдары құрайды. Аталмыш тұжырымдар бойынша Пайғамбар Мұхаммедтің нұры әлем жаратылмас бұрын пайда болған алғашқы рухани негіз ретінде қабылданады және бүкіл болмыстың мәндік бастауы болып есептеледі. Мақалада осы ұғымдардың түркі әдебиеті мен сопылық мәтіндердегі көрінісі, сондай-ақ олардың діни-философиялық мазмұны жан-жақты ашылады.

Зерттеу нысаны – 1909 жылы Шағатай тілінде жазылған «Mecmūʿa-i Resāʾil-i ʿAcībe» қолжазбасы. Бұл меджмуа діни, сопылық және тұрмыстық мазмұндарды қатар қамтитын көпқырлы мәтін ретінде сипатталады. Қолжазбаның «Нұр-наме» бөлімінде Мұхаммед пайғамбардың нұрының жаратылысы, әлемнің пайда болуы, пайғамбарлар тарихы, қиямет және ақыретке қатысты діни түсініктер баяндалады. Сонымен қатар, қолжазбада шаруашылық, күнделікті өмір, салт-дәстүрлерге қатысты мәліметтер және ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған дұғалар кездеседі.

Тілдік аспект тұрғысынан мақалада қолжазбаның морфологиялық жүйесі жан-жақты талданады. Көптік, тәуелдік және септік жалғауларының қолданылу ерекшеліктері шағатай тілінің фонетикалық және морфологиялық заңдылықтарымен сабақтастыра зерттеледі. Әсіресе ілік септігінің екі формасы (+nıñ/+niñ және +nı/+ni) қатар өмір сүруі тілдің тарихи дамуындағы диахрониялық өзгерістерді көрсетеді. Сонымен қатар барыс, жатыс, шығыс, көмектес және бағыттаушы септіктердің мәтіндегі қызметі нақты мысалдар арқылы сипатталып, олардың түркі жазба дәстүріндегі орны айқындалады.

Қорытындылай келе, мақала «Mecmūʿa-i Resāʾil-i ʿAcībe» қолжазбасын әдеби, тарихи және лингвистикалық дереккөз ретінде кешенді талдай отырып, түркі сопылық дәстүрі мен Шағатай тілінің XX ғасыр басындағы дамуын зерттеуге маңызды үлес қосатыны көрсетіледі.

303 47

Yazar Biyografisi

  • Gulvira Darmenova, Pamukkale University

    Памуккале Университеті Қазіргі Түркі Тілдері мен Әдебиеттері кафедрасының оқытушысы PhDr Гүлвира Дарменова

Yayınlanmış

2025-12-27

Nasıl Atıf Yapılır

ШАҒАТАЙ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ: «MECMŪʿA-İ RESĀʾİL-İ ʿACĪBE» ҚОЛЖАЗБАСЫ НЕГІЗІНДЕ. (2025). Вестник Университета Шакарима. Серия филология., 4(4), 25-34. https://philological.vestnik.shakarim.kz/index.php/my/article/view/125

Benzer Makaleler

1-10 : 54

Bu makale için ayrıca gelişmiş bir benzerlik araması başlat yapabilirsiniz.