ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚИЫСУ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-1(5)-7Anahtar Kelimeler:
қиысу, басыңқы сыңар, бағыныңқы сыңар, атау септігі, жіктік жалғауы, бастауыш, баяндауыш.Öz
Мақала қазақ тіліндегі сөз бен сөздің синтаксистік байланысының қиысу деп аталатын түрінің грамматикалық табиғатын толық сипаттауға арналған. Қиысу – сөйлем құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысының жеке түрі ретінде ертеден бар ұғым, алайда оның грамматикалық табиғаты, атап айтқанда, синтаксистік компоненттерді байланысқа түсіретін тұлғалардың, атау септігі жалғауының қызметі ішінара болмаса, қазақ тіл білімінде де, түркологияда да толық ашылып көрсетілмеген. Мақала осы олқылықтың орнын толтыру мақсатын көздейді. Сондықтан сөз бен сөзді байланыстырудағы атау септігінің рөлі туралы автордың көзқарасы нақты тілдік фактілермен сипатталады. Сонымен қатар мақалада біржақты қиысу немесе жартылай қиысу ұғымы ғылыми айналымға енгізу үшін ұсынылып отыр. Бұл ұсыныс түркологиядағы қиысу мен матасу байланыстарының грамматикалық табиғаттарын дұрыс ажыратуға септігін тигізеді үміт бар. Зерттеуде салыстыру, сипаттау, түсіндіру әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем және сөз тіркесі синтаксисі» пәндерінде пайдалануға болады. Мақала филолог мамандар мен ізденушілерге, жалпы қазақ тілінің грамматикалық жүйесіне қызығушылығы бар көпшілікке арналған.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2026 Төлеуғазы Мүрсәлімов (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.