ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АНТРОПОМОРФТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-1(1)-7Anahtar Kelimeler:
нарратология, антропоморфты кейіпкер, баяндау, цензура, символ.Öz
Бұл мақалада нарратология ұғымы мен термині туралы теориялық мәліметтеркөрсетіліп, антропоморфты кейіпкерлерге қатысты ғылыми – әдістемелік талдаулар жасалған.Баяндау әдісі туралы жүйелі түрде ақпарат беріліп, нарратология мәселесі сөз болады. Зерттеу мақаласында бірнеше жазушының баяндау шеберлігіне интерпретациялық, құрылымдық, семиотикалық, психоаналитикалық және социологиялық әдістер арқылы жүйелі түрде анализ жасалып, шығармадан үзінділер талданды. Зерттеу барысында А. Байтұрсын, С. Жүнісов және О. Бөкей сияқты қазақ жазушыларының, сонымен қатар шетелдік жазушы Д. Оруэллдің шығармаларына нарратологиялық талдау жұмысы жүргізілді.Жұмыс нәтижесінде баяндау тәсілдері, соның ішінде антропоморфты кейіпкерлерді қолдану арқылы оның әдебиеттегі алар орны мен маңызы, негізгі идеялары анықталып,теориялық тұрғыдан баяндалды. Жазушы стилі, оның қоғаммен байланысы, автордың өзіндік көзқарастары айқындалды. Шығармаларды талдау барысындатұжырымдамалық негізге сай нарратология мен шығармада кездесетін кейіпкерлерге арнайы әдеби шолулар жасалып, практикалық және теориялық құндылығы сарапталды.Қазақ әдебиетінде осы тәрізді кейіпкерлер жиі қолданылғанымен, жалпы ұғым туралы деректер мен зерттеулер көп кездеспейді. Мақалада осы тақырып жайында теориялық мәліметтермен қатар, авторлар шығармашылығынан нақты мысалдар келтіріліп, көпшілікке ұсынылды.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2025 Еркежан Берікболова- Карлыгаш Аубакирова (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.