ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Аяулым Сайленова Shakarim University Автор

Кілт сөздер:

Оқылым дағдысы, тіл үйрету әдістемесі, қатысымдық бағдар, мәтінді түсіну, оқылым стратегиялары, тілдік қатынас.

Аңдатпа

Мақалада оқылым дағдысын дамыту мәселесі тіл үйрету әдістемесінің маңызды бағыты ретінде қарастырылған. Оқылым – оқырман мен мәтін арасындағы күрделі коммуникативтік әрекет ретінде анықталып, оның дамуы жан-жақты білім мен тілді терең меңгеруді талап ететіні көрсетіледі. Оқылым дағдысын жетілдіру қоғамның даму деңгейіне сәйкес өзгеріп отыратыны,   қазақ тілін оқытудағы оқылымға қойылатын талаптардың күрделеніп, оқылатын мәтіндердің түрлері, күрделілігі мен көлемінің өзгеру үрдісі талданады. Зерттеулер нәтижесінде тіл үйрену үдерісі сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін – тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылымды қамтуы тиіс екені ғылыми негізделген. Алайда оқылым әрекеті әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қарастырылмай отыр,  сөйлеудің өнімді формаларымен салыстырғанда назардан тыс қалуып отырғандығы анықталды. Дегенмен, И.А. Грузинская, О.И. Коваль және А.А. Миролюбов сияқты әдіскерлер оқылымды сөйлеу және тілдік дағдыларды қалыптастыру мен бақылаудың маңызды құралы деп қарастырады. Оқу техникасын меңгеру, оқылымның синтетикалық және аналитикалық түрлері, фонетикалық заңдылықтарды игеру сияқты әдістер оқылым дағдысын қалыптастырудағы негізі рөл атқаратыны дәлелденді.

Оқылымның тілдік қорды, грамматикалық және жазу дағдыларын жетілдіруге әсері, ақпараттық және білім беру қызметтерін атқару ерекшеліктері анықталды. Оқылым мәтіндерін таңдау кезінде тіл үйренушілердің білім деңгейлері, қажеттіліктері мен қызығушылықтары ескерілуі тиіс екені көрсетілді. Сонымен бірге, оқылым алдындағы және кейінгі тапсырмалардың жүйелі ұйымдастырылуы, мазмұндық дағдыларды дамытуға бағытталған стратегиялар – болжау, визуалдандыру, байланыстыру, сұрақ қою, нақтылау, жинақтау және бағалау оқылымның тиімділігін арттырады.

Қатысымдық бағдарлы әдістемелік тәсіл оқылым дағдысын дамытуда негізгі шарт болып табылады және тілдік қатынасқа қол жеткізудің соңғы мақсаты ретінде қарастырылады. Осылайша, оқылымды меңгерту тіл үйрету үрдісінің интегративті бөлігі ретінде сөздік қор мен грамматиканы жетілдіруге, сөйлеу әрекеттерін дамытуға, сонымен қатар ақпаратты қабылдау мен өңдеуді жетілдіруге бағытталған кешенді процесс ретінде ұсынылады. Мақалада оқылым дағдысын дамытуға қатысты ғылыми тұжырымдар мен әдістемелік ұсынымдар беріле отырып, бұл бағыттағы зерттеулерді әрі қарай тереңдету қажеттілігі атап өтілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-27

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 47

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.