ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БИЛЕР МҰРАСЫН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДА ОҚЫТУ

Авторлар

  • Аяжан Қанағатова Shakarim University Автор
  • Бауыржан Ердембеков Shakarim University Автор

Кілт сөздер:

билер мұрасы, шешендік өнер, әдеби-танымдық бағыт, ұлттық құндылықтар, тіл мәдениеті, оқыту әдістемесі, мәтіндік талдау, құндылыққа негізделген білім

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының рухани-мәдени болмысындағы билер институтының маңызы мен шешендік өнердің тәрбиелік, танымдық қызметі қарастырылады. Жалпы білім беретін мектепте билер мұрасын әдеби-танымдық бағытта оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері сипатталады. Мақаланың негізгі мақсаты - билер мұрасын әдеби-танымдық тұрғыдан оқытудың тиімді әдістерін анықтап,оны ұлттық сана мен тілдік мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде қолдану. Зерттеу барысында шешендік сөздердің құрылымы, стильдік ерекшеліктері,түрлері мен мазмұнына талдау жасалып, білім беру үдерісіне интеграциялау жолдары ұсынылды. Сондай-ақ оларды оқу үдерісіне кіріктіру мүмкіндіктері талданды. Ұлттық сана, тарихи таным, тілдік мәдениет қалыптастыруда би-шешендердің мұрасы маңызды рухани-танымдық құрал ретінде танылды. Мақалада билердің даналық сөздері мен шешендік дәстүрі оқушылардың ұлттық сана-сезімін, тарихи танымын, тілдік мәдениетін және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытудағы маңызды рухани құрал ретінде таныстырылады. Билер мұрасын оқытудың мазмұндық-коммуникативтік, контекстуалды-тарихи және интерактивті-шығармашылық бағыттары нақты мысалдар арқылы дәйектеледі. Қорытындысында билердің шешендік сөздері мен әділ билігі халықтың рухани әлемі мен құқықтық және эстетикалық мәдениеттің көрінісі ретінде бағаланып, оны қазіргі мектеп оқушыларына  ұлттық сана мен тілдік мәдениетті қалыптастырудың тиімді тетігі кені анықталады.

0 0

Автор өмірбаяндары

  • Аяжан Қанағатова, Shakarim University

    Шәкәрім университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» ББ 2-курс магистранты, Қазақстан Республикасы, Семей, e-mail: ayazhan.kanagatova@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0009-2540-6924.

  • Бауыржан Ердембеков, Shakarim University

    филология ғылымдарының докторы, профессор «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, Семей, e-mail: erdembekov@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0503-4640

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 87

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.