ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БИЛЕР МҰРАСЫН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДА ОҚЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2026-1(5)-21Anahtar Kelimeler:
билер мұрасы, шешендік өнер, әдеби-танымдық бағыт, ұлттық құндылықтар, тіл мәдениеті, оқыту әдістемесі, мәтіндік талдау.Öz
Мақалада қазақ халқының рухани-мәдени болмысындағы билер институтының маңызы мен шешендік өнердің тәрбиелік, танымдық қызметі қарастырылады. Жалпы білім беретін мектепте билер мұрасын әдеби-танымдық бағытта оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері сипатталады. Мақаланың негізгі мақсаты - билер мұрасын әдеби-танымдық тұрғыдан оқытудың тиімді әдістерін анықтап,оны ұлттық сана мен тілдік мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде қолдану. Зерттеу барысында шешендік сөздердің құрылымы, стильдік ерекшеліктері,түрлері мен мазмұнына талдау жасалып, білім беру үдерісіне интеграциялау жолдары ұсынылды. Сондай-ақ оларды оқу үдерісіне кіріктіру мүмкіндіктері талданды. Ұлттық сана, тарихи таным, тілдік мәдениет қалыптастыруда би-шешендердің мұрасы маңызды рухани-танымдық құрал ретінде танылды. Мақалада билердің даналық сөздері мен шешендік дәстүрі оқушылардың ұлттық сана-сезімін, тарихи танымын, тілдік мәдениетін және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытудағы маңызды рухани құрал ретінде таныстырылады. Билер мұрасын оқытудың мазмұндық-коммуникативтік, контекстуалды-тарихи және интерактивті-шығармашылық бағыттары нақты мысалдар арқылы дәйектеледі. Қорытындысында билердің шешендік сөздері мен әділ билігі халықтың рухани әлемі мен құқықтық және эстетикалық мәдениеттің көрінісі ретінде бағаланып, оны қазіргі мектеп оқушыларына ұлттық сана мен тілдік мәдениетті қалыптастырудың тиімді тетігі кені анықталады.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2026 Аяжан Қанағатова- Бауыржан Ердембеков (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.