«БАБЫРНАМА» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Авторлар

  • Зиёдахон Тешабоева Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті Автор

Кілт сөздер:

«Бабырнама», ko‘ngil–жан, түпнұсқа, мәтін, интерпретациясы, орыс-ағылшын тіліндегі аударма, фразеологиялық бірлік.

Аңдатпа

«Бабырнама» бүгінде әлем әдебиетінің мұрасына айналған және өзбек әдебиетінің тамаша үлгісі болып саналатын шығарма. Ол қазіргі күнге дейін шешімі  зерттеліп жатқан аударма саласындағы бірқатар мәселелерді – шығарма стилін, оның аударма тарихын және аудармашылардың өзіндік аудару стильдерін қалыптастыру сынды мәселелерін шешуге үлкен үлес қосқан. Бұл тек құнды туынды ғана емес, оның аудармалары да әртүрлі мақсаттардағы зерттеулер жұмысын жүргізу үшін нағыз білім көзі болып табылады. Мақалада «Бабырнама» шығармасында қолданылған ko‘ngil («жүрек/көңіл») лексемасына қатысты фразеологиялық бірліктерге және олардың өзбек тіліндегі түпнұсқасындағы, орыс тіліндегі аудармасына және ағылшын тіліндегі Джон Лейден (1826), А.С.Беверидж (1921) және У.Текстон (1996) аудармаларына салыстырмалы талдау жасалған. Сонымен қатар фразеологиялық бірліктердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен олардың аударма саласында қалай көрініс табатындығы қарастырылып, автордың өзіндік аудару стиліне сілтеме жасалады.

0 0

Автор өмірбаяны

  • Зиёдахон Тешабоева, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті

     филология ғылымдарының докторы, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің профессоры, Өзбекстан Республикасы, Ташкент, e-mail: zteshaboeva@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-5917-756X.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 67

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.