Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің  ұлттық-мәдени ерекшеліктері

Авторлар

  • Жібек Калимова НАО "Шәкәрім университет" Автор

Кілт сөздер:

лингвистикалық мәдениеттану, фразеологизмдер, ұлттық-мәдени ерекшеліктер, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр

Аңдатпа

Мақалада құрылымы тұрғысынан туыстас емес әр тектес тілдер тобына жататын қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері  лингвистикалық мәдениеттау ғылымы шеңберінде жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, тіл мен мәдениеттің арақатынасын саралай отырып, қазақ және ағылшын халықтарының әр кезеңдегі  тұрмыстық, тарихи-әлеуметтік және танымдық тәжирибесі негізінде екі тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жасалу жолдары, тілдегі қалыптасу жағдайы сипатталып, мағыналық және тақырыптық топтарға жіктеліп, лингвомәдени талдау жасалды.

                Әр халықтың тілінде ерте заманнан-ақ  сан алуан қыр-сырға толы, тілде кең қолданыс тапқан тұрақты сөз оралымдары баршылық. Тіл-тілдегі тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер әр халықтың ұлттық мәдени дәстүрін, менталдық  ерекшеліктерін бойына сіңірген  басты байлығы, мол қазынасы.

                 Аталмыш мақалада тіл-тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің мағыналық астарында халықтың өткен тарихының қыр-сыры, салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, дүние-танымы толық көрініс табатындығы және осы көрсетілген факторларды саралай отырып, қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық-мәдени  ерекшеліктерін сипатталып, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтары қарастырылғандығы сөз болады.

                Тіл-тілдегі фразеологизмдерді салыстырмалы-салғастырмалы әдісті пайдалана отырып, лингвистикалық мәдениеттану аясында  зерттеудің маңызы аса зор. Өйткені ұлттық мәдениет, ұлттық болмыс, тіл мен діл тәрізді ұғымдарды тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзіндік ішкі заңдылықтыры негізінде  ғана танып-білу жеткіліксіз. Осыған орай тілдегі тұрақты тіркестердің тылсым құприясы  басқа да ғылым салаларымен (антропология, психология, мифология, этнография, мәдениет тану т.б.) тығыз қарым-қатынас, сабақтастықта зерттеу нәтижесінде мүмкін болады.

                Қазіргі таңдағы тіл білімі ғылымының маңызды мақсаттарының бірі - әр тілдің өзіндік ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқындау үшін кешенді әрі жүйелі түрде жаңа бағыттығы зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыру. Мақалада осы аталған өзекті мәселелер біршама тиянақты баяндалған. 

                Мақаламен жұмыс жасау үрдісінде  лингвистикалық әдістердің бірнеше түрі, атап айтқанда, сипаттамалы немесе синхрондық әдіс, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс, ғылыми талдаудың лингво-мәдени және тарихи-этимоогиялық талдау, фактілік материалдарды іріктеп алу және жүйелеу әдістері қолданылды.

                Қазақ тілінің түрлі салалары бойынша өзекті мәселелерді туыстас немесе туыстас  емес шетел тілдермен салыстыра немесе салғастыра зерттеуді әрі қарай дамытудың, жетілдірудің және жақсартудың ана тіліміздің қолданылу шеңберінің кеңейтіп, мәртебесінің үстем болуына әсері мол болатыны анық.

Автор өмірбаяны

  • Жібек Калимова, НАО "Шәкәрім университет"

    Калимова Жібек Үсембаевна – филология ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ шетел және орыс тілдері кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы, e-mail: zhibek_15_10@mail.ru, Orcid: 0000-0001-8391-8340.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 45

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.