Абайдың қарасөздеріндегі мақал-мәтелдер мен афоризмдер және қазіргі рухани құндылықтар

Авторлар

  • Ақторғын Кәрібекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • Аскарова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • Айсулу Турарова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-4(4)-9

Кілт сөздер:

мақал-мәтелдер, аксиология, құндылық, қара сөздер, Абай

Аңдатпа

Мақалада қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі халықтық мақал-мәтелдердің қолданылуының мәселелері құндылықтар жүйесі негізінде қарастырылады. Абай қолданған мақал-мәтелдер қазақ халқының негізгі құндылық бағдарларын көрсетеді. Абайдың қарасөздеріндегі рухани құндылықтарымызды көрсететін мақал-мәтелдер мен ақын сынына ұшыраған мақал-мәтелдерге ерекше назар аударылады. Абайдың қарасөздерінде өткір сыналған мақал-мәтелдердің ауыспалы-идиомалық мағыналары, эмоционалды-экспрессивтік бояуы, қоғамдық маңызы Абайдың ойларымен бірлікте қарастырылып, тұжырымдалады. Мақалада халқымыздың жанашыры, ұлы ағартушысы Абайдың баса назар аударған мақал-мәтелдерінің қазіргі заманның рухани құндылықтары жүйесінен алатын орны айқындалады.

Қазіргі уақытта жастардың санасында әлеуметтік маңызы бар құндылықтардың орнына индивидуалдық мінез-құлық белгілері барған сайын пайда болып, қайшылықты дүниетанымдар барған сайын көріне бастады. Жаһанданудың  цифрлық трансформациялары қоғамдық құндылықтардың даму бағытын айқындайды, жаңа құндылықтардың пайда болуы мен бекітілуіне әкеледі, мінез-құлық стратегияларын өзгертеді және  ой-санадағы бұл өзгерістер мен оның әрекет ету механизмдерін және оның бағыт-бағдарын болжауды, ықпал етіп отырған жағдайды ескере отырып теріс мінез-құлықтардың алдын алуды ерекше өзекті етеді.

Мақалада Абай қарасөздерінде айрықша көрсетілген мақал-мәтелдердің қарым-қатынас және тәрбие құралы ретіндегі ролін сараланып, жастар арасында негізгі позитивті құндылықтарды қалыптастыру үшін түзетуші әсер ету қажет деген қорытынды жасалады.

509 115

Автор өмірбаяндары

  • Ақторғын Кәрібекова , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы, Алматы, е-mail: ak_torgyn-karibek@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0008-7269-4247.

  • Аскарова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Қазақстан Республикасы, Алматы, е-mail: gauhar_8@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0688-4850.

  • Айсулу Турарова, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы, Тараз, е-mail: aisulu.turarova@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-4712-5420

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-27

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 34

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.