Абайдың қарасөздеріндегі мақал-мәтелдер мен афоризмдер және қазіргі рухани құндылықтар
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-4(4)-9Anahtar Kelimeler:
мақал-мәтелдер- аксиология- құндылық- қара сөздер- АбайÖz
Мақалада қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі халықтық мақал-мәтелдердің қолданылуының мәселелері құндылықтар жүйесі негізінде қарастырылады. Абай қолданған мақал-мәтелдер қазақ халқының негізгі құндылық бағдарларын көрсетеді. Абайдың қарасөздеріндегі рухани құндылықтарымызды көрсететін мақал-мәтелдер мен ақын сынына ұшыраған мақал-мәтелдерге ерекше назар аударылады. Абайдың қарасөздерінде өткір сыналған мақал-мәтелдердің ауыспалы-идиомалық мағыналары, эмоционалды-экспрессивтік бояуы, қоғамдық маңызы Абайдың ойларымен бірлікте қарастырылып, тұжырымдалады. Мақалада халқымыздың жанашыры, ұлы ағартушысы Абайдың баса назар аударған мақал-мәтелдерінің қазіргі заманның рухани құндылықтары жүйесінен алатын орны айқындалады.
Қазіргі уақытта жастардың санасында әлеуметтік маңызы бар құндылықтардың орнына индивидуалдық мінез-құлық белгілері барған сайын пайда болып, қайшылықты дүниетанымдар барған сайын көріне бастады. Жаһанданудың цифрлық трансформациялары қоғамдық құндылықтардың даму бағытын айқындайды, жаңа құндылықтардың пайда болуы мен бекітілуіне әкеледі, мінез-құлық стратегияларын өзгертеді және ой-санадағы бұл өзгерістер мен оның әрекет ету механизмдерін және оның бағыт-бағдарын болжауды, ықпал етіп отырған жағдайды ескере отырып теріс мінез-құлықтардың алдын алуды ерекше өзекті етеді.
Мақалада Абай қарасөздерінде айрықша көрсетілген мақал-мәтелдердің қарым-қатынас және тәрбие құралы ретіндегі ролін сараланып, жастар арасында негізгі позитивті құндылықтарды қалыптастыру үшін түзетуші әсер ету қажет деген қорытынды жасалады.
İndir
Yayınlanmış
Sayı
Bölüm
Lisans
Telif Hakkı (c) 2025 Ақторғын Кәрібекова - Гаухар Асқарова- Айсулу Турарова (Yazar)

Bu çalışma Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License ile lisanslanmıştır.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.