Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудағы оқытушының кәсіби-педагогикалық қызметі

Авторлар

  • Miramgul Zhorokpaeva Semey Medical University Автор
  • ZH.A Mukhametzhanova "Семей медицина университеті" КеАҚ Автор

Кілт сөздер:

шетелдік білім алушылар, педагогикалық дағдылар, коммуникативтік құзыреттілік, тіл, бейімделу

Аңдатпа

Бұл мақалада ЖОО-ғы медициналық білім алып жатқан шетелдік студенттерге қазақ тілін оқыту мен оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, сондай-ақ оқытудың жаңа формалары сипатталған.

Мақсаты: осы бағыт аясында авторлар осы мәселеге талдау жүргізе отырып, жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі пәні оқытушысының жұмысының барынша сәтті болуы, оқытушының лингвоэтносоциумды педагогикалық басқару әдістерін қаншалықты шығармашылық жағынан қолданатындығына байланысты екенін анықтау.

Әдістері: тақырып аясында педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылды. Медициналық университеттерде қазақ тілін студенттердің болашақ мамандығымен байланыстыра отырып оқыту әдісіне басымдылық берілді. Сондай-ақ, мақалада халықаралық студенттерді бейімдеудің психологиялық, әлеуметтік, этникалық негізгі әдістері қарастырылады.

Нәтижелері және олардың маңыздылығы: шетелдік студенттерге қазақ тілін медицина ғылымының тілінде оқыту біріншіден студенттер үшін жетекші ынталандырушы факторға айналатындығы анықталды. Екіншіден, кәсіби қарым-қатынас шекарасын кеңейтеді, шетелдік адамның қазақ қоғамына енуіне ықпал етеді, яғни социопсихологиялық мәселелерді шешуді жеңілдетеді. Бұл ең алдымен, шетелдік студенттердің университеттің ішкі тәртіптерімен жақын танысуына, жаңа әлеуметтік-мәдени орта құндылықтарын тезірек меңгеруіне ықпал етеді. Шетелдік студенттерді оқу-тәрбие процесіне белсенді тарту, студенттің жеке тұлғасын қалыптастыруда маңыздылығы жоғары.

Автор өмірбаяндары

  • Miramgul Zhorokpaeva, Semey Medical University

    Semey Medical University NСJSC, Semey, Republic of Kazakhstan, candidate of pedagogical sciences

  • ZH.A Mukhametzhanova, "Семей медицина университеті" КеАҚ

    «Семей медицина университеті» КеАҚ шетел филологиясы кафедрасының магистрі, 071400 Семей қ., Қазақстан Республикасы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-12

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.