Көркем әдебиет аудармасындағы лексикалық таңдау: эквиваленттік пен сәйкестік мәселесі (Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романының қазақша-ағылшынша аудармасы негізінде)

Авторлар

  • Айжан Аккалиева Шәкәрім университеті Автор

Кілт сөздер:

көркем аударма, эквиваленттік, сәйкестік, ұлттық лексика, қазақ әдебиеті, Ж. Аймауытов, аралық аударма, аударманы талдау

Аңдатпа

Мақала көркем әдебиет аудармасындағы  әрқашанда өзекті мәселелердің бірі – аударманың эквиваленттігі мен сәйкестілігін қарастырады. Ұлттық лексиканы аударуда белгілі бір стратегияларды таңдау мәселесін, әсіресе дәнекерлік аударма жағдайында, ресейлік және шетелдік зерттеушілер аударманың жеке теориясы тұрғысынан әртүрлі қырынан зерттеген. Осы мақалада біз кейіпкерлердің сырт келбетін сипаттаудың стилистикасын жеткізу жолдарына назар аударамыз. Көркем шығармада кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сыртқы келбетінің интерпретациясы – шығарманың сюжеттік негізін құрайтын, авторлық стиль мен идеяны ашатын маңызды элементтердің бірі.  Зерттеу қазақ әдебиетінің классигі Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романының аудармасына және оның лингвистикалық талдауына негізделген. Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетінде маңызды орын алады, ол ХХ ғасырдың басындағы мәдени байлық пен күрделі әлеуметтік шынайылықты көрсетеді. Бұл шығарманы орыс және ағылшын тілдеріне аудару тек тілдік қана емес, сонымен қатар түпнұсқаның мәдени ерекшеліктерін терең түсінуді талап ететін маңызды міндет болып табылады.  Тақырыптың өзектілігі ұлттық әдеби мұраны сақтау және оны кең аудиторияға қолжетімді ету қажеттілігімен байланысты. Шығармадағы адамдарды сипаттауларды аудару – басты элементтердің бірі, өйткені автор дәуірдің мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін кейіпкерлер бейнелері арқылы жеткізеді.  Бұл тақырыпты таңдаудың себебі – кейіпкерлерді сипаттаулар кез келген көркем шығарманың орталық бөлігін құрайтындығында; олардың дәл әрі көркем аудармасы автор идеясы мен мәтіннің көркемдік құндылығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Адамдарды сипаттайтын сөздер мен тіркестерді аудару әдістері мен стратегияларын зерттеу мәдени және тілдік элементтерді бейімдеу процесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және мақсатты аудиторияда мәдениетаралық түсіністікті жақсартуға ықпал етеді.

Автор өмірбаяны

  • Айжан Аккалиева, Шәкәрім университеті

    Аққалиева Айжан Файзрахманқызы - PhD,қауымдаст. проф.м.а., шет тілдер кафедрасы, ФЖМ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-12

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.