АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МӘТІНДЕРДІ АВТОМАТТЫ САРАЛАУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-387X-2026-1-3(7)-%25pКілт сөздер:
жасанды интеллект, мәтінді бейімдеу, саралап оқыту, цифрлық ресурстар, ағылшын тілінде оқуға үйретуАңдатпа
Ғылыми мақаланың мақсаты – орта мектеп деңгейінде шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллект арқылы бейімделген мәтіндердің сапасын бағалауға арналған теориялық тұрғыдан негізделген, критериялық бағалау шеңберін әзірлеу. Зерттеу теориялық сипатта орындалған және сараптамадан өткен 20 дереккөздің (2023-2026 жж.) жүйелі сыни шолуына, сондай-ақ салыстырмалы талдау мен теориялық синтезге негізделген. Жұмыста үш аналитикалық тәсіл қолданылды: іріктелген дереккөздерді салыстырмалы түрде зерттей отырып оқу, зерттеу олқылықтарын жіктеу және дедуктивті теориялық интеграция әдісі. Зерттеудің негізгі нәтижесі – деңгейлік күрделілікке сәйкестік, оқылым түріне сәйкестік және саралау толықтығы сияқты үш критерийді қамтитын бірыңғай бағалау жүйесінің айқындалғындығы. Атап айтқанда, бірыңғай бағалау жүйесі Л. С. Выготскийдің жақын даму аймағы тұжырымдамасын, С. Д. Крашеннің түсінікті енгізу гипотезасын және К. Э. Томлинсонның саралап оқыту моделін біріктіру негізінде жасалып, CEFR деңгей дескрипторлары мен Флеш-Кинкейд оқылымдылық көрсеткіштерін қолдану арқылы анықталды. Төрт негізгі эмпирикалық зерттеуді салыстырмалы талдау бұл саладағы бірде-бір бұрынғы жұмыстың үш теориялық шеңберді бірге қарастырылмағандығын, орта мектеп оқушыларына бағытталмағанын және қайталануға болатын бағалау әдіснамасының бұдан бұрын ұсынылмағанадығын растайды. Ұсынылған шеңбер әртүрлі деңгейдегі сыныптарда жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдеріне жасанды интеллект материалдарын сабақта қолданардан бұрын бағалау қағидасына негізделген түрін ұсынады және зерттеудің алдағы эмпирикалық кезеңіне арналған құрылымдық негіз болып табылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.