СТУДЕНТТЕРДІ БАҒАЛАУДАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС ПЕН МОТИВАЦИЯНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Авторлар

  • Aigul Nygymetova Магистрант Автор

Кілт сөздер:

психолингвистика, студенттердің мотивациясы, бағалау критерийі, кері байланыс, академиялық үлгерім.

Аңдатпа

Бұл мақала шет тілін меңгеруде кері байланыстың студенттердің жетістіктеріне әсерін зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты кері байланыстың әртүрлі түрлерінің оқу нәтижелеріне қалай әсер ететінін анықтау. Зерттеу барысында сандық және сапалық әдістер қолданылды, оның ішінде шет тілін оқып жатқан университет студенттері арасында сауалнама жүргізу және сабақ барысын бақылау. Нәтижелер көрсеткендей, уақытылы және құрылымды кері байланыс сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларының дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Сауалнама нәтижелері бойынша студенттердің 60 %-ы кері байланыстың қателерін жақсы түсінуге көмектескенін, ал 25 %-ы оның оқу мотивациясын арттырғанын айтты. Алайда респонденттердің 15 %-ы шамадан тыс сынға негізделген кері байланыс уайым мен сенімсіздік тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Бұл зерттеу нәтижелері кері байланыстың тек білім беру бағытында ғана емес, сонымен қатар студенттердің мотивациясы мен белсенділігін қалыптастыруда да маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сондықтан қолдаушы әрі теңгерімді кері байланыс әдістерін енгізу тіл үйрену үдерісін жақсартып, жағымды білім беру ортасын қалыптастыруға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-27

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 25

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.