ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3080-3861-2025-3(3)-17Кілт сөздер:
functional literacy, learning process, education, group learning, dialogic learning, critical thinking, differentiated learning.Аңдатпа
Мақалада білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, білім сапасын жетілдіріп, жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдер қарастырылады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырып, оқу сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін топтық оқыту, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, саралап оқыту сияқты әдістердің тиімділігі талданады. Аталған әдіс-тәсілдер қазіргі қоғам сұранысымен сәйкестендіріліп, шығармашылықпен ойлайтын, белсенді әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын, өмірлік іс-әрекеттерге бейім тұлға қалыптастыратын әдістер ретінде сипатталады.
Ұсынылған әдіс-тәсілдер білім алушылардың танымдық ой-өрісін дамытуға, жан-жақты сыни ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, кез келген ортада ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасап, күрделі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беретіндігі талданады.
Мақалада қарастырылатын әдістер «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін жүргізу барысында қолданылады және тәжірибе жүргізіледі.
Мақалада білім алушылардың сыни ойлауын қалай қалыптастыруға болады, оны сабақта қалай қолдану керек деген сұрақтардың шешімі айтылған.
Топтық оқыту, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау әдістерінің білім алушылардың функционалдық сауаттылық қалыптастырудағы рөлі тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Теориялық зерттеу барысында көтеріліп отырылған мәселе бойынша ғылыми-педагогиклық әдебиеттерге жан-жақты талдау жасалады, әдістердің өзіндік ерекшеліктері сараланады, әдістемесі ұсынылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Каршыга Муканова, Шұғыла Кенжина (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.